Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар туралы

Астана күні қарсаңында прокуратура органдарында еліміздің Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктеріне, мемлекеттің және оның жас елордасының қалыптасуы жолындағы Ұлт көшбасшысының рөліне арналған салтанатты жиналыстар болып өтті.

Сөз сөйлеушілер атап өткендей, елорданың туған күні егемен Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігін бейнелейді. Еліміздің қарқынды дамуы мен оның әлімдік аренадағы беделінің артуы жолында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмрдегі барлық жетістіктер мен прогрессивті өзгерістер оның атымен байланысты.

Оның ең сәтті ұлттық жобаларының бірі елорданы көшіру болды. Президенттің күш-жігерінің арқасында жас елорда өзінің қалыптасу жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті, қазіргі заманғы және табысты мемлекеттің рәмізіне айналды.

Бүгінде Астана – болашаққа ұмтылған және қарқынды дамушы мегаполис. Бұл барлық қазақстандықтардың сүйікті қаласы, олар елордамен өздерінің үміттері мен армандарын байланыстырады және осы үшін өз Президенттеріне алғыстары шексіз.

Прокурорлар Қазақстан тәуелсіздігін одан әрі нығайту жолында елордаға одан әрі гүлдену және жаңа жетістіктер тіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Короткий адрес: 
Комментарии orinfo.ru

Здесь вы можете оставить комментарий, если вы являетесь зарегистрированным пользователем orinfo.ru или анонимно.

Добавить комментарий